Бұл тәжірибе Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұрыннан бар. Қанатқақты жоба ойдағыдай жүзеге асар болса, оның аясы кеңіп қолданысқа енуі де ғажап емес. Жоба «кедергісіз өткел» принципіне негізделген. Мәселе, жұртшылықтың бұған қаншалықты дайын екеніне көз жеткізу дейді жауапты мамандар.
«Алматыда 37 жоғарғы оқу ошағы бар. Сол оқу орындарынан сатушысы жоқ дүкендер аштық. Тұтынушы дүкеннен өзіне керек дүниесін алып, төлем картасы арқылы ақшасын төлеп кете береді. Зерттеу нәтижесі бойынша әзірге ешқандай тауар ұрланбаған. Болашақта қаладағы ірі сауда орталықтары желісінде де осындай принцип бойынша жұмыс істейтін кассаны іске қосу жоспарда бар» – дейді Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Данияр Таумұрат.
Жоба ойдағыдай іске асар болса, қалған метро бекеттерінде де «Адал жол» есіктері айқара ашылмақ.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ